Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның 18 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі байқалды

Қазақстанның 18 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі байқалды

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, теміржолдар мен метролар (24,7%), тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 21,4%) және тұрғын үйлердің (13,4%) құрылысы алады.
Қазақстанның 18 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі байқалды
Фото: iStock
2026 жылғы қаңтар-шілдеде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 15,3%-ға өсіп, 5 061,1 млрд теңгені құрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Айта кетейік, республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 90,1%, шетелдік – 9,2%, мемлекеттік – 0,7% орындалды. 2026 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыс жұмыстары көлемінің 2025жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда өсуі имараттарды салу және жөндеу жұмыстарына (19,5%) байланысты.
Аумақтық бөліністе республиканың 18 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ұлытау облысы (3 есе), Қызылорда (34,9%), Павлодар (32%), Атырау (27,9%), Түркістан (25,7%), Шығыс Қазақстан (24,5%), Абай (23,1%), Қостанай (22,3%), Батыс Қазақстан (17,3%) және Жамбыл облыстарында (14,7%), Алматы қаласында (23,3%) байқалады. 2026 жылғы қаңтар-шілдеде пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 12 339 мың шаршы метрді құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 3,9% көбейді, 9 746 мың  шаршы метрді құрады, олардан 6 546,4  мың шаршы метр – көппәтерлі және 3 157,9 мың шаршы метр – жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 9 289,5 мың шаршы метрді немесе 95,3%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 3321,3 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.
2026 жылғы қаңтар-шілдеде білім беру және денсаулық сақтау саласында 18 090 оқу орнына арналған 32 жалпы білім беретін мектеп, 4 207 орынға арналған 32 мектепке дейінгі ұйымдар және ауысымда 198 келіп-кетушіге арналған 6 амбулаториялық-емханалық ұйымдар, сондай-ақ ауруханаға 120 төсек-орын қосымша пайдалануға берілді.
19 тамыз 2026 ж. 35 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31