Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Былтыр құрылыс жұмыстарының көлемі 15,1%-ға ұлғайды

Былтыр құрылыс жұмыстарының көлемі 15,1%-ға ұлғайды


Фото: Александр Павский/ Kazinform


2023 жылы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 7 612,8 млрд теңгені құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда 15,1%-ға ұлғайды, деп жазады Ұлттық статистика бюросы.
«Бұл ретте республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдары — 82,2%, шетелдік — 17,3% және мемлекеттік мекемелер — 0,5% орындады.
Құрылыс жұмыстарының құрылымы бойынша негізгі көлемі құрылыс-монтаж жұмыстары жұмыстарына — 84,7%, күрделі жөндеу жұмыстарына — 7,6%, ағымдағы жөндеу жұмыстарына — 7,7% келеді», — делінген хабарламада.
2023 жылы салынып жатқан объектілер түрлері бойынша ең көп үлес салмағын 51,1% — имараттар, 32,9% — тұрғын емес ғимараттар, 16%- тұрғын үй ғимараттары бойынша орындалған жұмыстар көлемі алады. Ең көп көлем құндық мәнде имараттар құрылысы бойынша байқалды — 3 893,7 млрд теңге және ең жоғарғы өсу 2022 жылмен салыстырғанда имараттар құрылысы бойынша белгіленді — 33,1%.
«Былтыр 38 017 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішіндегі 35 304 тұрғын және 2 713 тұрғын емес мақсаттағы. Пайдалануға беріген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 17,8 млн.теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,8% өсті. Пайдалануға берілген: жалпы білім беретін мектептер — 112 бірлік, мектепке дейінгі ұйымдар — 63, амбулаториялық-емханалық ұйымдар — 107, ауруханалар — 3 бірлік. Бұл ретте, амбулаториялық емханалардағы ауысымға келіп кету 2022 жылмен салыстырғанда 2 955 ауысымға келіп кетуге өсті», — деп мәлімдеді статбюро.
05 шілде 2024 ж. 345 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 118

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930