Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамырда ауа райы қандай болады?

Мамырда ауа райы қандай болады?

Мамырда ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com
"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстан бойынша 2026 жылғы мамырға арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде күн әдеттегіден жылы, ал жауын-шашын мөлшері әртүрлі деңгейде болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстан бойынша ауа температурасы
Қазақстанның басым бөлігінде мамырдағы орташа айлық ауа температурасы +14…+19 градус шамасында болады деп болжанып отыр.
Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және қиыр оңтүстік-шығысында күн райы жылырақ болады — термометр бағаны +20-дан +24 градусқа дейін көтеріледі.
Оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аймақтарында температура +12…+14 градус шамасында болады.
Ауа температурасы климаттық нормадан +1…+2 градус жоғары болады деп күтіліп отыр.
Мамырдағы жауын-шашын
Жалпы Қазақстан бойынша жауын-шашын мөлшері норма шамасында болады деп болжанған.
Ал Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Қарағанды, Түркістан және Жамбыл облыстарының бір бөлігінде, сондай-ақ еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының кейбір аумағында жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады деп күтіледі.
Астанадағы ауа райы болжамы
Астанада мамырдағы орташа температура +16,1 градус шамасында болады, бұл нормадан 1,6 градус жоғары.
Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде +2...+7 градустан +11...+16 градусқа дейін, күндіз +16...+21-ден +25...+30 градусқа дейін өзгереді деп болжанған. Онкүндіктің соңында ауа температурасы күрт төмендейді.
Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде +2...+7 градустан (топырақ бетінде 1 градус үсік жүруі мүмкін) +14...+19 градусқа дейін, күндіз +16...+21-ден +28...+33 градусқа дейін өзгереді деп күтіледі. Онкүндіктің соңында түнде +5...+10 градусқа дейін, күндіз +20...+25 градусқа дейін жылынады.
Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде +9...+14-тен 0...+5 градусқа дейін төмендейді, топырақ бетінде 3 градус үсік жүруі мүмкін. Күндіз +23...+28-ден +10...+15 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Онкүндіктің соңында түнде +9...+14 градусқа дейін, күндіз +23...+28 градусқа дейін қайта көтеріледі.
Елордада жауын-шашын мөлшері норма шамасында болады деп болжанып отыр.
Алматыдағы ауа райы болжамы
Алматыда мамырдағы орташа ауа температурасы +19 градус шамасында болады, бұл нормадан 1,9 градус жоғары.
Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде +9...+14-тен +14...+19 градусқа дейін, күндіз +23...+28-ден +28...+33 градусқа дейін өзгереді.
Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде +9...+14-тен +17...+22 градусқа дейін, күндіз +23...+28-ден +33...+38 градусқа дейін көтеріледі деп болжанған. Онкүндіктің соңында түнде +9...+14 градусқа, күндіз +23...+28 градусқа дейін төмендейді.
Үшінші онкүндікте түнде +15...+20 градусқа дейін, күндіз +29...+34 градусқа дейін жылынады деп күтіледі. Содан кейін ауа температурасы түнде +7...+12 градусқа дейін, күндіз +26...+31 градусқа дейін төмендейді. Онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде +12...+17 градусқа, күндіз +26...+31 градусқа дейін көтеріледі.
Жауын-шашын мөлшері норма шамасында болады деп болжанғанымен, ай бойы жаңбыр жауып, күн күркірейді, екпінді жел соғып, дауыл мен шаңды дауыл сияқты қауіпті құбылыстар болуы мүмкін.
Шымкенттегі ауа райы болжамы
Шымкентте мамырдағы орташа ауа температурасы +21,4 градус шамасында болады деп күтіледі, бұл нормадан 2,1 градус жоғары.
Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде +10...+15-тен +17...+22 градусқа дейін, күндіз +23...+28-ден +33...+38 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі. Онкүндіктің соңында түнде +11...+16 градусқа, күндіз +25...+30 градусқа дейін төмендейді.
Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде +20...+25 градусқа дейін, күндіз +39...+44 градусқа дейін көтеріледі деп болжанған. Кейін түнде +10...+15 градусқа дейін, күндіз +27...+32 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Онкүндіктің соңында ауа температурасы күрт көтеріледі.
Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде +15...+20 градусқа дейін, күндіз +34...+39 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі. Содан кейін түнде +10...+15 градусқа дейін, күндіз +22...+27 градусқа дейін күрт төмендейді. Онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасы түнде +10...+15-тен +16...+21 градусқа дейін, күндіз +22...+27-ден +28...+33 градусқа дейін өзгереді.
Бір айдағы жауын-шашын мөлшері де норма шамасында болады деп болжанып отыр.
16 сәуір 2026 ж. 39 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930