Синоптиктер болжамы: республиканың басым бөлігінде қауіпті метеорологиялық құбылыстар күтіледі
Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында жолдар тайғақ болып, түнде қар аралас жаңбыр жауады. Абай облысында көктайғақ байқалады.

Төтенше жағдайлар министрлігі дауылды ескертулер туралы мәлімдеді:
Қатты жел: Абай, Ұлытау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында күтіледі.
Тұман: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында күтіледі.
Көктайғақ Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында күтіледі.
Түнде Алматы облысында күн суытады.
ТЖМ азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға, жолдарда мұқият болуға және сапарды жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.
15 қазанда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
15 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с.
Өскемен қ.: 15 қазанда жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
15 қазанда түнде Абай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.
15 қазанда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қ.: 15 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі.
15 қазанда Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қ.: 15 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
15 қазанда Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.
Қонаев қ.: 15 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
15 қазанда Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.
Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
15 қазанда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 15 қазанда жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
15 қазанда Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 15 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
15 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
15 қазанда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау қ.: 15 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
15 қазанда Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтау қ.: 15 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
15 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с.
Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
15 қазанда Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
15 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Астана қ.: 15 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
15 қазанда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Павлодар қ.: 15 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
15 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Петропавл қ.: 15 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
15 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.














