Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында жылқылар белгісіз дерттен қырылып жатыр

Қызылорда облысында жылқылар белгісіз дерттен қырылып жатыр

istockphoto
Қызылордада облысында екі ауданның шаруалары жылқымыз белгісіз дерттен қырылып жатыр деп дабыл қағуда. Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлады.

Айтуларынша, жайылымда жүрген түліктеріне шілдеде белгісіз кесел жабысқан. Салдарынан басы ісіп, жағы қарысып жем-шөп шайнай алмай қалған. Тіпті 1 жұтым су ішуі мұң дейді.

"Қарны тартылып, шөп жей алмай қалады. Аузына шөп тістеп алып жүреді де қояды. Миы жұмыс істемейді ма? Білмейді, бет алды кезіп жүре береді. 5 күн, бір аптаның аралығында, 4-5 күннің аралығында өліп қалып жатыр. Менен 5-6 бас кетті", - дейді Сырдария ауданының тұрғыны Амандық Қиясов.

Шаруалар белгісіз кеселден жайылымда үйір-үйір жылқымыз арам қатып жатыр деп шырылдайды. Алайда оның санын есептеп, аурудың нақты емін айтып жатқан маман жоқ деп күйінеді. Ал ветеринарлар ахуал тұрақты деп отыр.

"Бұл жөнінде біз облыстық ветеринариялық зертханаға ауырған малдардың қан сарысуларын алып зерттеуге жолдадық. Енді біз зерттеу қортындысын күтуіміз керек, қазіргі таңда. Өзіміз трипаносомоз деп айтып жатырмыз. Су ауруы деп болжап. Біз алдын ала егіп, қазір эпизотиялық ахуал тұрақты", - дейді Сырдария аудандық ветеринарлық станциясының директоры Нұрлыбек Дәулетбаев.

15 тамыз 2026 ж. 34 0

Өнерге толы шаңырақ

15 тамыз 2026 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31