Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Конгода белгісіз ауру таралып жатыр

Конгода белгісіз ауру таралып жатыр

Фото: BAQ.KZ - архив
Конгоның Кванго провинциясында белгісіз ауру тарап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жергілікті Actualite агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, дәрігерлер инфекцияның қоздырғышын әлі тапқан жоқ.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі провинцияға мамандар бригадасын жібергендерін мәлімдеді. Дәрігерлер тіркелген жағдайларды бірден емдеп, аурудың сипаттамасын анықтау үшін қан сынамасы мен өзге де қажетті талдауларды алады. Провинцияда "ауқымды далалық зерттеулер" жүргізу жоспарланып отыр.

Ағымдағы зерттеулердің нәтижесін күту барысында министрлік халықты сабыр сақтап, профилактикалық шараларды жіті әрі қатаң сақтауға шақырады, - делінген денсаулық сақтау министрінің үндеуінде.

Халыққа көпшілік жиналған орындарға бармауға, қолды үнемі сабындап жуу сынды гигиена ережелерін сақтауға және ауырған жағдайда билікке хабарлауға кеңес берілді.

Квангода белгісіз аурудың алғашқы жағдайы қазанда тіркелген. Аурудан бүгінгі таңда 143 адам қайтыс болды. Инфекция жұқтырғандар саны 376-ға жеткен. Олардың басым көпшілігі – 15 жастан асқан жасөспірімдер. Инфекция жұқтырған кезде адамдардың дене қызуы көтеріліп, бастары ауыратыны айтылды.
06 желтоқсан 2024 ж. 207 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 155

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 108

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031