Қызылордада бруцеллез жұқтырған 70-тен астам мал сойылды
Фото: Қызылорда облыстық ветеринария басқармасыОблыстық ветеринария басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл препараттар дозасының санын 6244,7 мыңға жеткізу көзделіп отыр.
— 6 түрлі энзоотиялық, яғни жұқпалы емес аурудың алдын алуға облыстық бюджеттен 315,3 млн теңге бөлінді. Оған 799,4 мың доза препарат сатып алынып, егу жұмыстары толық жүргізілді. Бруцеллез ауруы бойынша 586,5 мың бас мүйізді ірі қара, 1067,7 мың бас уақ малдың қан сынамасы зерттелді. Нәтижесінде 42 бас сиырдың, 32 қой-ешкінің ауру жұқтырғаны анықталды. Олар талапқа сәйкес уақытылы сойылды, — делінген хабарламада.Басқарма облыста аса қауіпті аурулар тіркелмегенін, эпизоотиялық жағдай тұрақты екенін мәлімдеді.Айта кетейік, бүгінгі күні өңірде 1334 мың бас мал бар. Оның басым бөлігі — мүйізді ірі қара мен уақ мал.
Бұған дейін «Жалағаш ауданында белгісіз індеттен мал жаппай қырылып жатыр» деген ақпарат тарап, оған аталған басқарма басшысы жауап берді.













