Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлерге кедергі келтірген 30 монополист жауапқа тартылды

Кәсіпкерлерге кедергі келтірген 30 монополист жауапқа тартылды

Прокурорлар кәсіпкерлерге әкімшілік кедергі келтірген 30 табиғи монополия субъектісін анықтап, оларды жауапқа тартты. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 23 млн теңгеден асты. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті.

Кәсіпкерлерге кедергі келтірген 30 монополист жауапқа тартылды
Фото: Pexels
Бизнестің дамуы ашық әрі түсінікті қағидалардан басталады. Алайда прокурорлар жүргізген тексеру жекелеген табиғи монополия субъектілерінің кәсіпкерлер мен инвесторларға әкімшілік кедергілер жасағанын көрсетті.
Прокурорлар Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп табиғи монополия субъектілерінің қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарын сақтауына талдау жүргізді.
Кәсіпкерлердің өтініштерін қарау мерзімдерін бұзу, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттар беруден негізсіз бас тарту және бос қуаттар туралы ақпаратты жасыру фактілері анықталды.
— Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 30 табиғи монополия субъектісі әкімшілік жауаптылыққа тартылып, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 23 млн теңгеден асты, — делінгенген хабарламада.
Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау ерекше бақылауда. 
Айта кетейік, бұған дейін Қызылордада есептегіштерді тексеру саласындағы монополиялық әрекет тоқтатылды.


15 тамыз 2026 ж. 35 0

Өнерге толы шаңырақ

15 тамыз 2026 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31