Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Камерадағы қателік: Заңсыз салынған айыппұлдардың күші жойылып жатыр

Камерадағы қателік: Заңсыз салынған айыппұлдардың күші жойылып жатыр

Қадағалау қызметінің қорытындысы бойынша заңсыз салынған айыппұлдардың күші жойылды.
©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Фото:BAQ.KZ архиві
Абай облысы Аягөз ауданының прокуратурасы жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін камералардың жұмысында заң бұзушылықтарды анықтады.
Аягөз қаласындағы көшелердің бірінде көлік қозғалысына рұқсат етілген жылдамдық сағатына 60 км болғанына қарамастан, автоматты тіркеу кешенінің баптауларында шекті жылдамдық 40 км/сағ ретінде қате белгіленгені анықталды.
Осының салдарынан 172 азамат әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартылған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыз шығарылған қаулылардың барлығының күші жойылып, төленген айыппұлдарды қайтару жұмыстары ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда көлік иелеріне 800 мың теңгеден астам қаражат қайтарылды. Қаражаттарды қайтару жұмыстары жалғасуда.
Абай облысының прокуратурасы азаматтарға әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тарту фактілері анықталған жағдайда, өз құқықтарын қалпына келтіру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе прокуратура органдарына жүгінуге құқылы екенін түсіндіреді.

19 маусым 2026 ж. 47 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930