Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың өтініштері 15%-ға азайды – Әділет министрлігі

Қазақстандықтардың өтініштері 15%-ға азайды – Әділет министрлігі

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев 2026 жылғы 11 тамызда Үкімет отырысында дауларды шешуге арналған жетілдірілген "Тараптар кабинеті" модулінің жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, модуль 2026 жылғы 1 шілдеде іске қосылған.
"Бұл кабинет арқылы өндіріп алушы мен борышкер кез келген уақытта іс материалдарымен танысып, жасалған әрекеттер мен қабылданған шараларды тексере алады. Сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің қазіргі мәртебесін көріп, өтініштер мен өтінішхаттарды электрондық түрде жолдай алады. Қызмет іске қосылғаннан бері азаматтардан 63 мың өтініш түсті. Оның тек 9,4%-ы әділет органдарына шағымдану сатысына жеткен. Яғни мәселелердің басым бөлігі жеке сот орындаушысы деңгейінде шешіліп, нәтижесінде бізге түсетін өтініштер саны 15%-ға азайды", – деді Ерлан Сәрсембаев.
Министрдің сөзінше, енді қазақстандықтар атқарушылық жазбаның жасалуын ғана емес, оны орындаудың кейінгі барысын да толық бақылауға мүмкіндік алды.
Бұған дейін Әділет министрлігі нотариустардың атқарушылық жазбаларына 700 мыңға жуық онлайн қарсылық берілгенін хабарлаған еді.
11 тамыз 2026 ж. 40 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31