Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вице-президент жаңа Президент сайланғаннан кейін қызметінен автоматты түрде кетпейді

Вице-президент жаңа Президент сайланғаннан кейін қызметінен автоматты түрде кетпейді

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев вице-президент институтын енгізу мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақтылығы мен үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталғанын мәлімдеді.
.
Фото: Ақорда
Министрдің айтуынша, вице-президент дербес мемлекеттік органды басқармайды және тек Президент атынан өкілдік етеді.
«Осы ұстанымды ескере отырып, жаңадан сайланған Президенттің алдында вице-президенттің өкілеттігін автоматты түрде тоқтату қажет деп санамаймыз», – деді Сәрсембаев.
Сонымен қатар Ерлан Сәрсембаев вице-президенттің қандай міндет атқаратынын Президенттің өзі белгілейтінін айтты. Оның сөзінше, вице-президент Мемлекет басшысының атынан Құрылтаймен, үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізеді.
«Вице-президент – Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындайтын тұлға. Ол Президенттің мүддесін қорғайды. Сондықтан оның өкілеттігін де Президенттің өзі айқындайды», – деді министр.
Сәрсембаевтың айтуынша, вице-президенттің нақты міндеттері Президенттің арнайы жарлығымен бекітіледі.
08 мамыр 2026 ж. 173 0

Уақып - сарқылмас қазына

26 маусым 2026 ж. 97

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930