Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжілісте мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және бірқатар мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді

Мәжілісте мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және бірқатар мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте жасанды интеллект негізіндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің экожүйесін қалыптастыру мәселесі қаралды.
Жиынға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов селекторлық режимде қатысып, облыс әкімінің тапсырмаларына сәйкес аудан әкімдігінің аппарат мәжілісін өткізді.
Мәжілісте мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау, «Туған жерге тағзым» акциясы, елді мекендердегі санитарлық тазалық мәселелері қаралды.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында 2026 жылдың 7 айында аудан тұрғындарына 50 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 4097 қызмет көрсетілген. Оның 3661-і немесе 89,4 пайызы электрондық форматта ұсынылған.
Аудан әкімі мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу үлесін одан әрі арттыруды, цифрлық сервистерді кеңінен насихаттауды және өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарының тиімділігін күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтардың кезек күту уақытын қысқартып, қызмет көрсету сапасын арттыру қажеттігін айтты.
Жер қатынастары саласында жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша келісім беру кезінде коммуналдық мекемелердің 3 жұмыс күні ішінде жауап беруі қажеттігін де ескертті. Осы талапты сақтамаған мекеме басшыларын сынға алып, тиісті тапсырмалар берді.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселеден кейін аудан басшысы елімізде өтетін алдағы саяси науқан Құрылтай сайлауына байланысты ауданның қоғамдық-саяси ахуалын тұрақты бақылауда ұстау, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту және әлеуметтік желілерде таралатын жалған, расталмаған ақпараттарға жедел әрекет ету жөнінде жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Мәжілісте аудандағы білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау мәселесі де назарға алынды. Қазіргі таңда ауданның 6 мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі білім беру ұйымдарындағы барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарын 20 тамызға дейін толық аяқтауды тапсырды.
Жиында «Туған жерге тағзым» акциясының жүзеге асырылу барысы да талқыланды. Ағымдағы жылдың 7 айында акция аясында ауданға 22,5 млн теңге көлемінде қаражат тартылған. Аудан әкімі елді мекен әкімдері мен дербес бөлім басшыларына туған жердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға ниетті кәсіпкерлер мен меценаттарды тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Бұдан бөлек елді мекендердің санитарлық тазалығы мен абаттандырылуына қатысты анықталған кемшіліктерді 3 күн ішінде толық жою міндеттеді.
Мәжілісте жаңа оқу жылы қарсаңында өтетін «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына қолдау көрсету мәселесі де қозғалды. Осы ретте аудан басшысы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға мектеп формасы, оқу құралдары және қажетті заттармен көмек көрсетуге кәсіпкерлер мен мекеме, кәсіпорын басшыларында бірлесе атсалысуға шақырды.
Мәжіліс соңында аудан әкімі барлық берілген тапсырмалардың белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуын жауапты орынбасарларға міндеттеп, бақылауға алуды тапсырды.
11 тамыз 2026 ж. 31 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31