Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің көп өңіріне +44 градусқа дейінгі аптап ыстық қайта оралады

Еліміздің көп өңіріне +44 градусқа дейінгі аптап ыстық қайта оралады

Фото: Рixabay
Қазақстанда тұман мен нөсер жаңбыр күтілгеніне қарамастан, еліміздің көп бөлігіне аптап ыстық қайта оралып, ауа температурасы +44 градусқа дейін жетеді, деп хабарлайды Orda.kz.      
«Қазгидромет» синоптиктері 11, 12 және 13 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Бірқатар өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін, ал оңтүстікте ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі.
Атмосфералық фронт әсерінен еліміздің жекелеген аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жауып, дауылды жел соғуы ықтимал.
11 тамызда Қазақстанның солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Ал орталық пен оңтүстік өңірлерде көбіне құрғақ ауа райы сақталады. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Күндізгі ауа температурасы өңірлерге қарай айтарлықтай ерекшеленеді. Батыс пен орталықта +27...+39 градус, солтүстік-батыс пен солтүстікте +25...+35 градус шамасында болады. Шығыс пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы +30...+42 градусқа дейін көтеріледі.
Ең жоғары температура еліміздің оңтүстігінде тіркеледі — +44 градусқа дейін көтеріледі.
Жаздың соңғы айында ауа температурасы күрт ауытқиды. Бір өңірлерде аптап ыстық +44 градусқа дейін жетсе, енді бір аймақтарда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей өңірлер айтарлықтай салқындайды.


10 тамыз 2026 ж. 41 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31