Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жалған көлік нөмірін сатып келген схема әшкере болды

Қазақстанда жалған көлік нөмірін сатып келген схема әшкере болды

Жалған көлік нөмірлерін ел бойынша сатып келген ұйымдастырушы қолға түсті
Қазақстанда жалған көлік нөмірін сатып келген схема әшкере болды
Фото:
istockphoto.com
Қазақстанда жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін дайындап, елдің түрлі өңірлеріне сатып келген заңсыз схеманың ұйымдастырушысы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (МТНБ) заңсыз дайындау және тарату схемасының жолын кесті.
«Алматыда жүйелі түрде жалған мемлекеттік нөмірлерді дайындаумен және сатумен айналысқан заңсыз әрекеттің ұйымдастырушысы ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, жалған нөмірлер Ресей Федерациясынан экспресс-жеткізу қызметі арқылы жеткізіліп, кейін Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі тапсырыс берушілерге жіберіліп отырған. Жедел-іздестіру шаралары барысында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтау бойынша ары қарай тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген прокуратураның хабарламасында.
Бас көлік прокуратурасы жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтар жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.



07 тамыз 2026 ж. 49 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31