Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі өңірде жалған ақша сатумен айналысқандар ұсталды

Екі өңірде жалған ақша сатумен айналысқандар ұсталды

Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев
Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысында жалған купюраларды сатумен айналысқандар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Алматыда жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқандар тобы ұсталды. Қылмысқа қатысушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында 149 дана (14 900 АҚШ доллары) жалған доллар табылды.

Құқықбұзушылар ұсталып, сот оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында ҚМА полициямен бірлесіп жалған валютаны өткізу фактісін анықтады. Бір топ адам Орал қаласындағы лотерея клубтарының бірінде жалған 25 000 АҚШ доллары мен 10 000 евро өткізген деген күдікке ілінді.

Күдіктілер бәс тігу мақсатында бұл қаражатпен шоттарын толықтырған. Жалған ақшаны сатушыға қатысты соттың санкциясымен "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.
ҚМА мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 060 жалған банкнот тәркіленді, оның ішінде ұлттық валютада 647 000 теңге сомасына 141 дана, 90 400 АҚШ долларына 905 купюра, 2 000 еуроға 4 купюра, 1 000 юань сомасына 10 купюра.

Алынған жалған банкноттардың жалпы сомасы 43 млн теңгеден асады. Жалпы, биыл жалған купюраларды жасап, өткізгені үшін 8 адам 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған ақша жасаушылардың құрбаны болмас үшін жақсы бағам бойынша айырбастауды ұсынса да, бейтаныс адамдарға ақша айырбастамаңыз және валютаны "делдалдардан" сатып алмау керегін ескертті. Егер сіз жалған купюраны тапсаңыз, оны сатуға тырыспаңыз. Жалған банкноттар табылған жағдайда дереу ҚМА-ның аумақтық департаменттеріне жүгіну қажет.
13 қараша 2024 ж. 66 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031