Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рөлі оң жақтан ауыстырылған көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады

Рөлі оң жақтан ауыстырылған көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда рөлі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Auto.
Министрдің айтуынша, билік өкілдері Ішкі істер министрлігімен және такси сервистерімен бірлесіп, жолаушылар тасымалы саласынан 70 мыңға жуық оң рөлді автокөлікті шығарып тастаған.
"Қауіпсіздікті одан әрі арттыру мақсатында рөлі оң жақтан сол жаққа қайта жабдықталған көлік құралдарын такси ретінде пайдалануға тыйым салу әзірленіп жатыр. Сондай-ақ жолаушылар тасымалы агрегаторларының жауапкершілігін күшейту көзделіп отыр", - деді министр.
Сонымен қатар министр орташа жылдамдықты бақылау жүйесін еліміздің барлық жол желісіне енгізу жоспары туралы айтты.
"Бүгінде бұл жүйе 2,8 мың шақырымды құрайтын ақылы жол учаскелерінде жұмыс істеп тұр. Соның нәтижесінде бұл учаскелерде жол-көлік оқиғаларының саны 10 пайызға азайды. Республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың бүкіл желісінде орташа жылдамдықты бақылауды енгізу бойынша жұмыстар басталды", - деп мәлімдеді Көлік министрлігінің басшысы.
Министрдің деректеріне сүйенсек, жол апаттарының 35 пайызына жылдамдықты асыру себеп болады. Жол-көлік оқиғаларының тағы 12 пайызы арақашықтықты сақтамаудан, 11 пайызы көлік тізгініне ие бола алмай қалудан, ал 8 пайызы қарсы жолаққа шығып кетуден болады. Биыл республикалық тасжолдардағы жол-көлік оқиғаларының саны 10 пайызға төмендеген. Қаза тапқандар саны 14 пайызға, ал жарақат алғандар саны 11 пайызға азайған.
22 қыркүйек 2026 ж. 12 0

Қазалылық қылқалам шебері

22 қыркүйек 2026 ж. 39

Өнерлі өрендер бақ сынады

22 қыркүйек 2026 ж. 46

Жоба жемісті жалғасуда

22 қыркүйек 2026 ж. 42

Өркениет өлшемі

22 қыркүйек 2026 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930