Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның кейбір солтүстік өңірлері жылу беру маусымына дайын емес – үкімет

Қазақстанның кейбір солтүстік өңірлері жылу беру маусымына дайын емес – үкімет

Қазақстанның кейбір солтүстік өңірлері жылу беру маусымына дайын емес – үкіметPixabay.com
Еліміздің бір өңірінде тұрғын үйлерге жылу беру басталып кеткен. Алайда кейбір өңірлерде әлі де дайындық жұмыстарына қатысты мәселелер бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, Павлодар облысында тұрғын үйлерге жылу беру 14 қыркүйектен басталған.
Министрлік жоспарына сәйкес, солтүстік өңірлердің қалған бөлігінде ауа райына байланысты жылу беру маусымы қазан айының басына дейін басталады.
Сонымен қатар Ерлан Ақкенженовтің сөзінше, бірқатар өңірде жылу беру маусымына дайындық жұмыстары созылып кеткен.
– Алдыңғы аптада Сәтбаев қаласында жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Қазір желіні шаю және қысыммен сынау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Петропавл қаласындағы жылу магистральдарының дайындық деңгейі – 90%. Барлық жұмыс осы аптаның соңына дейін аяқталады. Семейдегі жылу нысандарында есепті апта ішінде жұмыстар 15%-ға орындалды, ал жоспардың жалпы орындалу көрсеткіші – 70%. Сонымен қатар сорғылар мен жылу алмастырғыштарды жеткізу 26 қыркүйекке ғана жоспарланған. Осыған байланысты өңір әкімдігі жабдықтарды жеткізуді жеделдетуі қажет. Степногорск қаласында өткен аптада жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстары 24%-ға орындалды. Желінің жалпы дайындық деңгейі 76%-ды құрайды. Жұмыстарды биылғы 25 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр, – деді Ерлан Нысанбаев.
ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов проблемалы өңірлердің әкімдеріне барлық жөндеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.
Ал ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа бұл процесті ерекше бақылауға алу жүктелді.
22 қыркүйек 2026 ж. 18 0

Қазалылық қылқалам шебері

22 қыркүйек 2026 ж. 40

Өнерлі өрендер бақ сынады

22 қыркүйек 2026 ж. 47

Жоба жемісті жалғасуда

22 қыркүйек 2026 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930