Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 қыркүйектен бастап Қазақстанға көлік әкелу талаптары қатаңдайды

1 қыркүйектен бастап Қазақстанға көлік әкелу талаптары қатаңдайды

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда шетелден автокөлік әкелу ережелерін күшейту жоспарланып отыр. Өзгерістер оң рөлді көліктерді сол рөлге қайта жабдықтау тәжірибесіне және көліктердің қауіпсіздік талаптарына қатысты болмақ, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген түзетулерге сәйкес, рөлі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған көліктерге көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік беру тоқтатылуы мүмкін. Яғни мұндай көліктерді Қазақстанға әкелу және тіркеу тәртібі қиындай түседі.
Сондай-ақ көліктердегі төтенше жағдай кезінде көмек шақыруға арналған SOS батырмасын тексеру тәртібі де өзгермек. Бұдан былай сынақ процесін арнайы зертханалар бейнежазбаға түсіруге міндеттеледі. Кадрда көліктің сәйкестендіру нөмірі (VIN-код) анық көрінуі тиіс. Тексеру жазбалары кемінде үш жыл сақталмақ.
Министрлік бұл шаралар көліктерді нақты тексермей-ақ қауіпсіздік сертификаттарын беру фактілерінің алдын алуға мүмкіндік береді деп есептейді.
Жаңа талаптар жобасы қоғамдық талқылаудан өтіп, Әділет министрлігіне жіберілген. Құжат 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

07 тамыз 2026 ж. 187 0

Тіл – ұлттың тұғыры

29 қыркүйек 2026 ж. 46

Қажырлы еңбек – ел мерейі

29 қыркүйек 2026 ж. 44

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930