Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » +42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

Сильная жара, лето, высокая температура, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2026 15:59Фото: unsplash
"Қазгидромет" 2026 жылғы 3 тамызға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дүйсенбі күні синоптииктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.
Елдің батысы мен оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз.
Сондай-ақ республика аумағында жел күшейеді. Оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Алматы облысының оңтүстігі мен Абай облысында ауа температурасы +40...+42 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.
Атырау, Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Абай облыстарында және Ұлытау облысының оңтүстігінде +35...+39 градус ыстық болжанады. Жамбыл облысында ауа температурасы +38 градусқа дейін, Түркістан облысында +40 градусқа дейін көтеріледі.
Батыс Қазақстан облысы мен Ұлытау облысында, сондай-ақ Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Түркістан, Қарағанды облыстарының жекелеген аудандарында, Абай және Жетісу облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының және Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі жарияланды.
02 тамыз 2026 ж. 27 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31