Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 маусымда қай өңірлерде аптап ыстық болады

15 маусымда қай өңірлерде аптап ыстық болады

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2026 16:45
pixabay.com
"Қазгидромет" 2026 жылғы 15 маусымға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің болжамынша, дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Елдің батысы мен солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады.
Республика бойынша жел күшейеді. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.
Күндіз Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Жетісу және Абай облыстарында аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +35…+39°C-қа дейін көтеріледі.
Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Ұлытау облысында, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының батысында, Жетісу облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, Алматы облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі және орталығында, сондай-ақ Түркістан облысының оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.
Ал Қызылорда, Түркістан облыстарында, Абай облысында, Батыс Қазақстан облысының қиыр батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Ақмола және Павлодар облыстарының шығысында, Қарағанды облысының батысы, шығысы және орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысы мен оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, сондай-ақ Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
14 маусым 2026 ж. 49 0

Тымақтағы тылсым қасиет

14 маусым 2026 ж. 111

Батагөйлер байқауы өтті

14 маусым 2026 ж. 97

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930