Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » +42 градусқа дейін ыстық: синоптиктер маңызды ескерту жасады

+42 градусқа дейін ыстық: синоптиктер маңызды ескерту жасады

Республика бойынша екпінді жел сақталады. Солтүстік облыстарда түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.
+42 градусқа дейін ыстық: синоптиктер маңызды ескерту жасады
«Қазгидромет» Қазақстан аумағына 21 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Синоптиктердің мәліметінше, жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде бұршақ түсіп, батыс аймақтарда нөсер жаңбыр күтіледі. Сонымен қатар батыс және солтүстік-батыс өңірлерде жел күшейеді.
Республика бойынша екпінді жел сақталады. Солтүстік облыстарда түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.
Күндіз Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде және Алматы облысының солтүстігінде ауа температурасы +35...+38 градусқа дейін көтеріледі.
Қызылорда облысында аптап ыстық +40...+42 градусқа дейін жетсе, Маңғыстау облысында +38...+42 градус ыстық күтіледі. Ал Қостанай және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы +40...+41 градусқа дейін көтеріледі.
Сонымен қатар бірқатар өңірлерде өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады. Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының жекелеген аумақтарында жоғары өрт қаупі болжанып отыр.
Ал Қызылорда облысында, сондай-ақ Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарының кей аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
21 маусым 2026 ж. 158 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31