Жаңбыр, найзағай және бұршақ: 22 маусымға арналған ауа райы болжамы

Фото:pixabay
"Қазгидромет" 2026 жылғы 22 маусымға арналған Қазақстан аумағындағы жалпы ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі.
Ал елдің орталық өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда түнде және таңертең тұман түседі.
Аптап ыстық
Алматы, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде және Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы +35…+38°C дейін көтеріледі.
Қызылорда облысында +40…+42°C аптап ыстық болады.
Павлодар облысының оңтүстігі мен Ұлытау облысының батысы және оңтүстігінде +40…+41°C болатын өте қатты ыстық күтіледі.
Өрт қаупі жоғары өңірлер
Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Ұлытау, Абай облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігі мен орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысы, оңтүстігі және орталығында, Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде, Алматы облысында, Жамбыл облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысында, сондай-ақ Жетісу облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.
Төтенше өрт қаупі
Қызылорда облысында, Қостанай облысының оңтүстігі мен оңтүстік-батысында, Ақмола облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының батысы мен шығысында, Ұлытау облысының шығысы мен оңтүстігінде, Абай облысының батысы, солтүстік-шығысы және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, оңтүстігі мен орталығында, Түркістан облысының батысы мен орталығында, Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде және Жетісу облысының шығысы мен батысында төтенше өрт қаупі болжанып отыр.











