Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ОПЕК+ отырысы қарсаңында мұнай бағасы 90 долларға жуықтады

ОПЕК+ отырысы қарсаңында мұнай бағасы 90 долларға жуықтады

Әлемдік мұнай нарығында баға жоғары деңгейде сақталып отыр.
Фото: canva
2 тамыздағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың бір баррелі шамамен 90 долларға жуықтаса, америкалық WTI маркасының бағасы 84-85 доллар аралығында саудалануда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, нарық қатысушыларының назары бүгін өтетін ОПЕК+ елдерінің кездесуіне ауған. Сарапшылардың пікірінше, альянс қыркүйек айында мұнай өндіру көлемін тәулігіне қосымша 188 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдауы мүмкін. Алайда өндірісті ұлғайту үдерісі қазан айынан бастап уақытша тоқтатылуы ықтимал.

Сарапшылардың айтуынша, мұнай бағасының жоғары деңгейде сақталуына Таяу Шығыстағы геосаяси ахуал, сондай-ақ Ормуз бұғазы мен Қызыл теңіз арқылы жүк тасымалының қиындауы әсер етіп отыр. Логистикалық кедергілер жеткізілімдердің уақытылы жүзеге асуына кедергі келтіріп, нарықтағы ұсыныстың артуын тежеп отыр.

Осыған байланысты сарапшылар ОПЕК+ өндіріс көлемін арттырған күннің өзінде, қосымша мұнайдың әлемдік нарыққа бірден жетпеуі мүмкін екенін айтады. Сондықтан қабылданатын шешімнің мұнай бағасына қысқа мерзімде айтарлықтай әсер ету ықтималдығы төмен.


02 тамыз 2026 ж. 41 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31