ОПЕК+ отырысы қарсаңында мұнай бағасы 90 долларға жуық деңгейде сақталды
Сарапшылардың болжамынша, 2 тамыздағы ОПЕК+ отырысында альянсқа мүше елдер қыркүйек айында мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруды мақұлдауы мүмкін. Ал қазан айынан бастап өндіріс көлемін ұлғайту уақытша тоқтатылуы ықтимал.
2 тамыздағы жағдай бойынша әлемдік мұнай бағасы жұма күнгі сауда қорытындысынан кейін қалыптасқан деңгейде сақталып отыр. Нарықтың басты назарында – ОПЕК+ елдерінің кезекті кездесуі.
Фото: pexels.comБұл туралы Reuters жазды.
Соңғы сауда сессиясында Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне шамамен 90 доллар, ал WTI маркалы мұнай 84–85 доллар шамасында саудаланды. Шілде айында екі эталондық марка да Таяу Шығыстағы жеткізілім тәуекелдерінің күшеюіне байланысты айтарлықтай қымбаттады.
Сарапшылардың болжамынша, 2 тамыздағы ОПЕК+ отырысында альянсқа мүше елдер қыркүйек айында мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруды мақұлдауы мүмкін. Ал қазан айынан бастап өндіріс көлемін ұлғайту уақытша тоқтатылуы ықтимал.
Мұнай бағасының жоғары деңгейде сақталуына Ормуз бұғазы мен Қызыл теңіздегі кеме қатынасына қатысты шектеулер мен жеткізілімдегі іркілістер де әсер етіп отыр. Сарапшылардың пікірінше, өндіріс көлемі артқанның өзінде логистикалық қиындықтарға байланысты қосымша мұнайдың барлығы бірдей әлемдік нарыққа жетпеуі мүмкін.
Еске салайық, Қазақстан ОПЕК+ құрамындағы жеті елдің қатарында тамыз айында мұнай өндіру көлемін тәулігіне 10 мың баррельге ұлғайтуды жоспарлап отыр. Осылайша елдің мақсатты өндіріс көлемі тәулігіне 1,618 миллион баррельді құрайды.












