Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұнай бағасы бір аптада 10%-дан астам өсті

Мұнай бағасы бір аптада 10%-дан астам өсті

Иран төңірегіндегі жағдайдың ушығуы аясында әлемдік мұнай бағасы қайта қымбаттады.

29 маусымда әлемдік нарықтағы мұнай бағасы қандай
Фото: Pexels
13 шілде таңертеңгі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың бағасы 4%-ға немесе 3,04 долларға өсіп, бір баррелі 79,05 долларға жетті.
WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны да 4,09%-ға немесе 2,92 долларға көтеріліп, барреліне 74,33 доллар болды.
Ал Ресейдің Urals маркалы мұнайы бір баррелі үшін 55,12 доллардан саудаланды.
Сарапшылардың бағалауынша, нарықтағы өсімге Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің күшеюі әсер еткен.
Еске салсақ, 8 шілдеде АҚШ Иран мұнайын сатуға қатысты санкцияларды қайта енгізді. Бұған Ормуз бұғазы маңында мұнай және сұйытылған табиғи газ тасымалдайтын танкерлерге жасалған шабуылдар себеп болған.
Кейін Ақ үй Иран аумағындағы нысандарға ауқымды соққылар басталғанын мәлімдеді.
Осыдан кейін мұнай жеткізіліміне қауіп төнуі мүмкін деген алаңдаушылық күшейіп, әлемдік нарық бірден реакция танытты. Санкциялар жарияланғаннан кейін Brent маркалы мұнайдың бағасы алғаш рет 24 маусымнан бері барреліне 76 доллардан асып, 5%-дан жоғары қымбаттады.
Бір апта бұрын, 6 шілдеде Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 71,69 доллар болған еді. Осылайша бір апта ішінде оның бағасы шамамен 10,3%-ға өсті.


13 шілде 2026 ж. 45 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031