Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі
Биылғы жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған немесе жер заңнамасы талаптарына сәйкес келмейтін 1 млн гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлаған болатын, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде жоспар толық орындалды, мемлекет меншігіне 1 млн гектардан астам жер қайтарылды. Жерлерді мемлекет меншігіне қайтару пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарын анықтау және жер заңнамасы талаптарының бұзылуына жол бермеу бағытындағы жүйелі жұмыстар аясында қолға алынуда. Бұл шаралар жер ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, жерлерді шаруашылық айналымына қайта тартуға және олардың пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған.
Жер ресурстарын тиімді әрі ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жер заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі жүйелі шаралар алдағы уақытта да жалғасады.Жалпы, 2022 жылдан бері мемлекет меншігіне 15,4 млн гектар жер қайтарылды.
29 шілде 2026 ж. 28 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031