Теңгеге Ұлттық банк төрағасы қайтадан қол қояды. Президент жарлығының жобасы жарияланды
Төраға қолы банкнот дизайнының қосымша элементіне жатқызылады.
Ұлттық валюта – теңге дизайнын жетілдіру мақсатында оны қосымша элементтермен толықтыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған ҚР президенті жарлығының жобасынан белгілі болды.
Теңгеге Ұлттық банк төрағасының қолы қосымша элемент ретінде қайта оралады. Еске салайық, 2016 жылдан бастап президент жарлығымен "Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасынан" Ұлттық банк төрағасын банкнотқа қол қоюға міндеттейтін бап алынып тасталған болатын.
Қазіргі таңда теңгенің қосымша элементі оның сериялық нөмірі мен дизайнының бекітілген жылы болса, оның қатарына тағы екі тармақ қосылмақ. Олар:
банкноттардың дизайны бекітілген ҚР Ұлттық банкі төрағасының қолы;
банкноттарды қолдан жасау үшін жауаптылық туралы жазба.
"Өзгерістер мемлекеттің орталық банкінің шығарылған банкноттардың түпнұсқалығына кепілдік беруді қамтамасыз етуі бойынша функцияны күшейту, сондай-ақ банкноттарды қолдан жасаудан қосымша қорғау мақсатында енгізіліп отыр. Бұл тәжірибе бірқатар елдерде, атап айтқанда, Еуропалық одақта, сондай-ақ Англияда, АҚШ пен Сингапурда қолданылады", – делінген Ұлттық банктің түсіндірме жазбасында.
Еске салайық, қосымша элементтерден бөлек, теңгеде міндетті элементтер бар. Оларға:
номиналдың цифрмен және (немесе) әріппен белгiленуi;
түпнұсқалығын айқындауға мүмкiндiк беретiн және қолданыстағы қорғау технологияларын қолдана отырып, қолдан жасаудан қорғауды қамтамасыз ететiн элементтер;
эмитент елінің және (немесе) эмитенттің ресми атауы;
банкноттардың бет жағында және монеталардың бет немесе сырт жағында орналастырылатын ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі жатады.
Президент жарлығының жобасында міндетті элементтерге қатысты өзгерістер жоқ.
Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 24 шілдеге дейін.