Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық валютаның дизайны неге өзгертілгені белгілі болды

Ұлттық валютаның дизайны неге өзгертілгені белгілі болды

Жаңа дизайнға қосымша ақша жұмсалған жоқ. 
Фото: Ұлттық банк
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ұлттық валютаның дизайны неге өзгеріп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
Оның айтуынша, теңгені айналымға енгізілгеніне 32 жыл өтті. Бұл уақыт ішінде теңге дизайны үш рет өзгерген.
"Алғашқы теңге, одан кейін 2010 жылдары, сосын 2020 жылдары жаңартылды. Сондықтан да теңге дизайны жиі өзгеріп жатыр деу дұрыс емес. Біреулер долларды мысалға келтіреді. Бірақ әр елдің өз таңдауы бар", – деді Тимур Сүлейменов.
Ұлттық банк басшысы дизайнның өзгеруі жалған ақша жасаудан қорғану, банкноттар мен купюраларды дамыту қажеттілігімен байланысты екенін де айтты.
"Барлық дизайн жұмыстарын Ұлттық банктің дизайнерлер тобы жасады. Олар – біздің қызметкерлеріміз, біз оларға жалақы төлейміз. Яғни, бұл жұмысқа қосымша қаржы бағытталған жоқ. Купюралар ескі үлгіде, жаңа үлгіде болсын, бәрібір басылып шығарылады. Жаңа дизайнға қосымша ақша жұмсалған жоқ" – деп түсіндірді ол.
Айта кету керек, бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтергенін жазғанбыз.
10 қазан 2025 ж. 189 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031