Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдан Еуропа чемпионаты: Италия құрамасы жеңіске жетті

Футболдан Еуропа чемпионаты: Италия құрамасы жеңіске жетті

Осылайша Италия құрамасы екінші рет Еуропа чемпионы атандыИталияи құарамасы ЕУРО-2020 финалында пенальтиден Англияны жеңіп, Еуропаның чемпионы атанды.

Лондондағы "Уэмбли" стадионында өткен финалдың негізгі уақыты 1-1 есебімен аяқталды. Британдықтардан Люк Шоу (2-минут), итальяндықтардан - Леонардо Бонуччи (67) көзге түсті. Люк Шоу Еуропа чемпионаты тарихындағы ең жылдам гол соқты. Бұл үшін  оған 117 секунд қажет болды.

Пенальти сериясында итальяндықтар 3-2 есебімен басым түсті. Ағылшындар Маркус Рэшфорд, Джейдон Санчо және Букайо Сака қатарынан үш пенальтиді соға алмады. Финалдың қорытындысы бойынша Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарума Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы деп танылды. ПСЖ қақпашысы осы турнирде ұлттық құрама үшін екі пенальти жеңіп алды. Біріншісі испандықтармен өткен жартылай финалда болса, ағылшындарға қарсы екіншісі финалда еді.

Италия бұған дейін 1968 жылы Еуропа чемпионатын жеңіп алған болатын. Италия үшін бұл алтыншы үлкен жеңіс: төрт әлем чемпионаты (1934, 1938, 1982 және 2006 жылдары) және екі реті Еуропа чемпионаты.
12 шілде 2021 ж. 1 534 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 45

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930