Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі елді мекендерді газдандыру жұмыстарының құрылысын бақылады

Аудан әкімі елді мекендерді газдандыру жұмыстарының құрылысын бақылады

Қазалы ауданында елді мекендерді газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Бұған дейін ауданға қарасты Абай және Ақтан батыр ауылдары көгілдір отынға қосылса, 2025 жылы Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев елді мекендеріне магистральды газ желілері жеткізілді.
Ал биыл аталған елді мекендерге орамішілік газ желілерінің құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 680 млн теңге қаржы бөлініп, сәуір айында газ жүргізу жұмыстар басталған болатын. Бүгінде 4 ауылда да орамішілік газ желілерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Осыған орай аудан әкімі Алмасбек Есмаханов ауылдарға арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысын көріп, мердігер мекемелердің жұмысын бақылады.
Құрылыс алаңдарын аралау барысында аудан әкімі мердігерлерге жұмыстың сапасына ерекше мән беріп, тұрғындардың көптен күткен игілігі саналатын газға қосу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтаудың маңыздылығын атап өтті.
4 ауыл толық газға қосылғаннан кейін аудан тұрғындарын көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 83 пайызға жетеді.
Айта кетейік, ауданда бұдан бөлек Ақсуат, Байқожа елді мекендеріне орамішілік газ желілерін жүргізу және Өркендеу, Бірлік, Қожабақы, Аранды ауылдық округтеріне магистральды газ желілерін тарту жобалары да әзірленген.
15 маусым 2026 ж. 135 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930