Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алимент қарыз емес – парыз

Алимент қарыз емес – парыз


Фото: ашық дереккөзден алынды
Қазіргі кезде елімізде белең алып отырған өзекті мәселелердің бірі – ата-ананың бала алдындағы парызы алимент төлеуден жалтару.Алимент – «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексіне» сәйкес, бір адамның басқа оны алуға құқығы бар адамға ұсынуы міндетті ақшалай немесе материалдық асырау.
Өз кезегінде елімізде алимент төлемей, өз балаларына көмектесуден жалтарып жүрген боз бүйрек әкелер бар. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаментінің дерегі бойынша, ауданымызда 2025 жыл және ағымдағы жылдың өткен мерзімінде неке және отбасы дауларына қатысты 203 азаматтық іс қарап, 200-ін қанағаттандырған. Оның ішінде некені бұзу туралы 180, алимент өндіру бойынша 152 азаматтық іс қанағаттандырылған.
Осы ретте, Қазалы аудан прокуратурасы маңызды бағыттарын негізге алып, қазірге дейін алимент төлеуден жалтарып жүргендерге қатысты шет елге шығуға, банк операцияларын жасауға, шоттарындағы қаражатты пайдалануға, мүлікке тыйым салу сияқты шектеулер қатаң түрде қадағаланып және жұмыссыз борышкерлерді тұрақты түрде жұмыспен қамту шаралары қабылданды.
Ауданы прокуратурасының талдау нәтижелері бойынша алимент төлемегені үшін 2025 жыл және 2026 жылдың екінші тоқсанында 6 борышкер ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Мысалы, «Р» борышкері 2010 жылдан бастап алимент төлемегені үшін Қазалы аудандық сотының қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Алайда, берешек қарызы 5 млн теңгеден астам соманы құрағанын және әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, кәмелетке толмаған балаларды асырауға қаражат төлеуден жалтаруды жалғастырған.
Осыған байланысты, «Р» борышкеріне қатысты ҚК-нің 139-бабы бойынша айыптау үкімі шығарылып, сотпен 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу және жазаны өтеудің барлық мерзіміне мәжбүрлі еңбек түрінде жаза тағайындалды.
Өмірге қадам баспай жатып, ата-ананың арасындағы татулық пен мейірімді көрмеген балдарға өлшеп берген қаржы бақытқа бөлемейтіні сөзсіз.
Алиментті уақтылы және толық төлеу - бұл әр ата-ананың парызы.
Бұл міндеттің іске асырылуын прокуратура органдары ерекше бақылаудаұстайды.
Нұрсұлтан БЕЙБІТӘЛІ,
Қазалы ауданы прокуратурасының прокуроры

27 шілде 2026 ж. 34 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031