Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алименттен жалтарғандар көбейді

Қазақстанда алименттен жалтарғандар көбейді

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Қазақстан Республикасының кодексінде алимент ұғымына «бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат» деген анықтама берілген. Өкінішке қарай неке-отбасы заңнамасы аясында алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің қатары жылдан жылға өсіп жатыр, деп хабарлайды egemen.kz.
«Egemen Qazaqstan» газетінің 12 маусымдағы №109 (30588) санында жарық көркен «Алимент - қарыз емес, парыз» мақаласында көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, былтырғы жылдың өзінде сот орындаушылары алимент бойынша 304 мың істі жүргізген. Оның ішіндегі 5 мыңы – перзенті алдындағы жауапкершілігін түсінбеген азаматтар.
Қазақстанда алимент бойынша қарыз көлемі 14 млрд теңгеге жетті. Бүгінде қоғамның бұл көлеңкелі тұсы сот орындаушылары мен құқық қызметкерлерінің бас ауруына айналып отыр. Борышкерлердің арасында маскүнемдер мен жұмыссыз жүргендерден бөлек, жалақы мөлшерін азайту үшін жұмыс берушімен келісіп, жалған құжат жасататындары да жеткілікті.
Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы Айдос Иманбаевтың айтуынша, борышкерлердің көпшілігі жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркеліп, өздеріне ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге жуық қаражатты белгілейді екен.
Сондай-ақ маманның мәліметіне сенсек, былтыр алимент төлемеген 4 065 азамат əкімшілік, 126 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылса, 116 адам бас бостандығынан шектелді. Оған қоса тағы 8 борышкерге қоғамдық жұмыстарға тарту жəне екеуіне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Атқарушы билік алимент мәселесін қанша қиындатса да, мәселе түбегейлі шешілмей тұр.
Жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы айтып өткендей, мемлекет «жұмыс жоқ» деп сылтауратқан 2 000-ға жуық борышкерді жыл сайын жұмысқа орналастырады екен. 2022 жылдың 12 айында сот орындаушылардың өндірісінде 7,8 млн атқарушылық құжат болған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,1 млн құжатқа артық. Былтыр 6,7 млн құжат болған еді. 2021 жылы 2,3 миллион іс толық орындалса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 2,6 миллионды құрады.
Осы тұста мемлекет кірісіне 31 млрд теңге өндірілгенін айта кету керек. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 6 миллиардқа көп. Сондай-ақ бизнес пайдасына 185 миллиард теңге өндірілген.
12 маусым 2023 ж. 223 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 178

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 166

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 159

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930