Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихты тану – тағылымды іс

Тарихты тану – тағылымды іс

Жер-су атауларында елдің өткені, салт-дәстүрі, тарихи тағдыры мен ұлт жадында сақталған маңызды деректер жатыр. Осындай тарихи атауларды ғылыми тұрғыдан зерттеп, жүйелеу мақсатында жуырда «Руханият» орталығында маңызды ғылыми-танымдық кездесу өтті.
Аталған басқосу Қазақстан ономаст ғалымдарының қоғамдық бірлестігі «Ономастар одағы» мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ономастика басқармасының бірлескен «Тарихи-диахрондық әдісті қолдану арқылы ономастикалық атауларды жүйелендіру қызметі» жобасы аясында ұйымдастырылған «Сыр даласында – көне есімдердің сыры» атты тарихи-танымдық ғылыми экспедиция жұмыстарының жалғасы болды.
Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының ономастикалық кеңістігін тарихи-диахрондық әдіс негізінде кешенді зерттеу, жер-су атауларының қалыптасу тарихын ғылыми тұрғыдан саралау, тарихи атауларды толыққанды ғылыми айналымға енгізу және ономастика саласындағы қызметті заманауи цифрлық инфрақұрылым негізінде жетілдіру.
Ғылыми-зерттеу тобының жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Бекенова Гүлнар Шияпқызы бастаған экспедиция құрамында география ғылымдарының PhD докторы Нұрлыбек,Зинабдин, топ мүшесі Дильназ Қасымова және Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы, ономастика саласының білікті маманы Ләззат Жұмаханқызы бар.
Экспедиция мүшелері облыс аумағындағы елді мекендерді аралап, жергілікті тұрғындармен, өлкетанушылармен және көнекөз қариялармен кездесіп, сұхбаттар жүргізу арқылы жер-су атауларының шығу тарихын, тарихи мәні мен мазмұнын ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарын жүргізетіндерін атап өтті. Бұл зерттеу жұмыстары Сыр өңірінің тарихи-мәдени мұрасын жаңғыртып, көне атаулардың құндылығын айқындауға бағытталған.
Кездесу барысында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Ләззат Жұмаханқызы «Мемлекеттік тіл саясаты және ономастика мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамасында Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бағытындағы жұмыстарға және «Тіл туралы» Заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.
Жиынға өлкетанушылар, ардагерлер кеңесінің мүшелері, жергілікті қоғамдастық өкілдері, қала, кент және ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары, сондай-ақ «Қазақ тілі қоғамы», «Өнегелі», «Невада-Семей» қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері қатысты. Қатысушылар ономастика саласын жетілдіру, тарихи атауларды сақтау және оларды кейінгі ұрпаққа жеткізу бағытында өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Сыр бойындағы әрбір атау – өткеннің өшпес ізі, ел тарихының айнасы. Осындай ғылыми ізденістер арқылы көне есімдердің сыры ашылып, тарихи атаулардың тағылымы ұлттық құндылық ретінде жалғасын таба бермек.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
25 шілде 2026 ж. 23 0

Сан мен сапа сәйкес пе?

25 шілде 2026 ж. 24

Қос кешен іске қосылды

25 шілде 2026 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031