Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 65 жастан асқан жүргізушілерге талап өзгере ме? ІІМ жауап берді

65 жастан асқан жүргізушілерге талап өзгере ме? ІІМ жауап берді

65 жастан асқан жүргізушілерге талап өзгере ме? ІІМ жауап бердіФото: depositphotos.com
Ішкі істер министрлігі өкілі "Жол жүрісі туралы" заңдағы өзгерістерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Ведомство өкілі жүргізушілердің медициналық тексерістен өтуіне қатысты қандай өзгерістер енгізілгенін түсіндірді.
"Жүргізушілердің медициналық тексерістен өтуі жаңа талап емес. Бұл норма 2014 жылдан бері "Жол жүрісі туралы" заңда көрсетілген. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелері өзара біріктірілді. Соның арқасында міндетті медициналық тексерістен өткені туралы мәлімет екі министрліктің жүйелері арасында автоматты түрде беріледі", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Құралай Карина.
Ол 65 жастан асқан жүргізушілер не білуі керек екенін де айтты.
"65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілерге тек әр екі жыл сайын медициналық тексерістен өтсе жеткілікті. Оның нәтижесі автоматты түрде жүйеге түседі. Сондықтан ешқандай қосымша анықтама жинаудың немесе мемлекеттік органдарға барып жүрудің қажеті жоқ. Сондай-ақ, жүргізуші куәлігінің мерзімін ұзарту немесе бұл туралы ІІМ-ге жеке хабарлау талап етілмейді. Азаматтарға алаңдауға еш негіз жоқ. Ешқандай жаңа талап немесе артық құжат енгізілген жоқ", - деді ІІМ өкілі.

24 шілде 2026 ж. 26 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031