Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Полиция қызметкерінің жұмысына кедергі келтірген жүргізушілер 15 тәулікке дейін қамауға алынады

Полиция қызметкерінің жұмысына кедергі келтірген жүргізушілер 15 тәулікке дейін қамауға алынады

© Photo : Polisia.kz
Полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындамаған немесе кедергі келтірген жүргізуші жауапқа тартылады, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Министрлік жүргізушілерге үндеу жасады. Бұған соңғы кездері БАҚ пен әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінен жедел-профилактикалық іс-шаралардың өткізілуі туралы құжаттарды талап етіп, олардың жұмысына кедергі келтіргені туралы бейнежазбалар себеп болған.
"Көлікті тоқтату кезінде полиция қызметкері өзін таныстырып, қызметтік куәлігін көрсетіп, тоқтату себебін түсіндіруі қажет. Жүргізуші өз кезегінде ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талаптарын орындауға міндетті. Ал полиция қызметкері жедел-профилактикалық іс-шараның өткізіліп жатқанын растайтын құжаттарды көрсетуге міндетті емес", - дейді ведомство.
Министрлік "Жол жүрісі туралы" заңда көліктерді тоқтату кезінде полиция қызметкерлері мен жүргізушілердің іс-қимылының нақты тәртібі айқындалғанын айтады.
"Полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындамау, қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның жұмысына кедергі келтіру 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапқа әкеп соғады", – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.
10 шілде 2024 ж. 334 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 138

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 154

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 154

Бюджет түсімі артты

17 қаңтар 2026 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031