Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар МӘМС жүйесін жою туралы петиция жариялады – Бұған министрлік не дейді

Қазақстандықтар МӘМС жүйесін жою туралы петиция жариялады – Бұған министрлік не дейді

Фото: freepik.com
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов міндетті медициналық сақтандыру жүйесін жою туралы петицияға қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Таяуда GosRating.com сайтында міндетті медициналық сақтандыру қорын жою туралы петицияжарияланды. Петиция авторы ретінде Айгүл Омарова деген тұрғын көрсетілген.
"Жақында "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қамауға алынды. Ол халыққа медициналық қызмет көрсетуге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаражатты жүйелі түрде жымқырды деген күдікке ілінді. Іс жүзінде қызметтер көрсетілмеген. Отыз мыңнан астам бұрмалау фактілері анықталды… Қазақстан тұрғындары медициналық қызмет көрсету сапасына наразы… Біз, петицияға қол қойған Қазақстан Республикасының азаматтары, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін жоюды талап етеміз. Оның тиімсіз екенін уақыт дәлелдеп берді", – делінген петиция мәтінінде.
БАҚ өкілдері министрлік өкіліне осы петиция жөнінде сұрақ қойды.
"Халықтың инфрақұрылымға және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың қалай іске асырылып жатқанына көңілі толмай отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымын айта аласыз ба?" – деп сұрады журналистер.
Тимур Мұратов жауап ретінде қазір міндетті медициналық сақтандыру бойынша жарналар мен инфрақұрылымның жағдайы арасында тікелей байланыс жоқ екенін айтты.
"Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды дамыту саясатын қолдауды жалғастыра береді. Бұл өркениетті әлемнің бір жетістігі екенін бәріміз түсініп отырмыз. Міндетті медициналық сақтандыру медициналық көмекке қолжетімділік пен тең құқықты қамтамасыз етеді.
МӘМС пен инфрақұрылымның байланысына келсек, екеуінің арасында тікелей байланыс жоқ. Инфрақұрылым – инвестиция. Ол жеке немесе бюджеттік инвестиция болуы мүмкін. Сондықтан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен медициналық нысандар салу қарастырылмаған", – деді ол.
Еске салсақ, жуырда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төрағасының орынбасары Ғалымжан Әбілов 400 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, жымқыру медициналық ұйымның "Damumed" ақпараттық жүйесіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде Өскемен қаласының тұрғындарына көрсетілген қызметтер туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізу жолымен жасалған.


17 маусым 2025 ж. 124 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30