Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыртқы саудада есебіміз түгел

Сыртқы саудада есебіміз түгел

Өнімді экспорттау – бәсекелестіктің үлкен бөлігі. Өз кезегінде тіршіліктегі сауданың маңызы зор. Ал оның ішінде сыртқы сауданың кез келген мемлекеттің экономикасында маңызды рөл атқаратыны жасырын емес. Халықаралық сауда нарығы әр елдің өндірісін дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыратын құралға айналуда.
Статистикалық деректерге сүйенсек, 2026 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 44,9 млрд АҚШ долларын құрады. ҚР ҰСБ мәліметінше бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 7,9% көп. Оның ішінде экспорт 24 млрд АҚШ долларына жетіп, бір жылда 5% өсті. Импорт көлемі 20,9 млрд АҚШ долларын құрады, бұл былтырғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 11,3% жоғары. Яғни Қазақстан әлі де сыртқы саудада оң сальдо сақтап отыр: экспорт импорттан шамамен 3,1 млрд долларға көп.
Ал Қызылорда облысының ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға өскен. Соңғы үш жыл ішінде өңірге 2 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылып, 27 ірі жоба жүзеге асырылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда Қызылорда облысының заман талабына сай даму қарқынын ерекше атап өткен болатын. 2025 жылы өңдеу өнеркәсібі саласында құны 30,1 млрд теңгені құрайтын 20 жоба іске қосылып, бүгінгі күні 488 жұмыс орны ашылды. Олар кондитерлік, макарон және печенье өнімдерін шығару кешені, кірпіш, айна зауыттары, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ, күріш, ас тұзын өндіру зауыттары. Өндірістің өсуі экспорттық әлеуетті де арттырды. Қазір аймақта 40-тан астам экспорттаушы кәсіпорын бар. Олар азық-түліктен бастап, құрылыс материалына дейін сырт елдерге сатады.
Өңделген өнімдердің экспорт көлемі үлесі 29,3%-ға жетті. Оның ішінде экспорттың жалпы көлемі 477,2 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Қазіргі уақытта өңірде 40-тан астам экспорттаушы кәсіпорын жұмыс жасауда. Атап айтқанда күріш, ас тұзы, балық өнімдері, цемент, шыны, уран оксиді мен аммоний метаванадаты экспортталатын негізгі тауарлар болып есептеледі. Бұл көрсеткіштер өңіріміздің экспорттағы әртүрлілігін және өңделген өнімдердің маңызын айқын көрсетуде. Мамандардың айтуынша, бұл кешенді шаралар аймақтың экономикалық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған. Инвестиция тарту мен индустрияландыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Биыл да жыл басталысымен ауданда да ауқымды жұмыстар атқарылып, кәсіпкерліктің көкжиегі кеңеюде. Бизнесте бәсі бар Қазалы ауданының экспорттағы үлесі де қарқынды. Жалпы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында 2026 жылдың 6 айында оң тенденция сақталды. Өнеркәсіп өндірісі – 100,2 (16 млрд. 575 млн теңге), өңдеу өнеркәсібі – 100,4 (14 млрд 676 млн теңге), сауда – 100,1 (6 млрд 780,8 млн теңге), ауыл шаруашылығы – 101,0 (4 млрд 794,8 млн теңге). Есепті кезеңде ауданнан Ресей, Грузия, Польша, Англияға, Дания, Германия, Түркия, Қытай, Литва, Нидерланды елдеріне 167,2 тонна күріш, 444 тонна балық, 1 791,8 тонна қамыс, жалпы 2 403 тонна өнім экспортқа шығарылды.
Экспортты дамыту – бұл тек экономикалық көрсеткіштерді арттыру емес, бұл еліміздің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіші. Экспорттың көлемін арттыру арқылы әлемдік нарықта бәсекелестікке төтеп бере алатын тауар шығаруға қабілеттілік артады. Ол дегеніміз, отандық өндірістің көкжиегі кеңейеді деген сөз. Тек талапқа сай өнім өндіріп, дұрысынан ұсына білсе болғаны.

Айнұр ӘЛИ

21 шілде 2026 ж. 65 0

Ауылдың рухани айнасы

21 шілде 2026 ж. 70

Акцияға атсалысуда

21 шілде 2026 ж. 55

Әйел – ұлттың ұйытқысы

21 шілде 2026 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031