Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда балаларға ерекше көңіл-күй сыйлаған шара өтті

Қазалыда балаларға ерекше көңіл-күй сыйлаған шара өтті

Күннің ысуына байланысты Қазалы ауданында тұрғындарға, әсіресе балаларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған ерекше шара ұйымдастырылды.
Қазалы мәдени-демалыс кешенінде аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің өрт сөндірушілері мен сала мамандарының қатысуымен балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мазмұнды іс-шара өтті.
Шара барысында бүлдіршіндер үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, түрлі қызықты ойындар мен көңілді бағдарламалар ұсынылды. Балаларға балмұздақтар таратылып, олардың ыстық күндегі уақытын тиімді әрі көңілді өткізуіне жағдай жасалды.
Өрт сөндіру қызметінің мамандары арнайы өрт сөндіру көліктерімен балаларға қауіпсіздік талаптарын түсіндіре отырып, жаңбырлатып су шашты.
Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйіне ұласқан бұл шара тұрғындарға қолайлы жағдай жасаумен қатар, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың да маңыздылығын көрсетті.
Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады. Себебі тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балаларға қуаныш сыйлау – басты міндеттердің бірі.

19 шілде 2026 ж. 290 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930