Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Қытайды жалғайтын жаңа теміржол құрылысы аяқталуға жақын

Қазақстан мен Қытайды жалғайтын жаңа теміржол құрылысы аяқталуға жақын

Мекеменің мәліметінше, қазіргі уақытта нысанда 20 миллион текше метрден астам жер жұмыстары орындалып үлгерді
Қазақстан мен Қытайды жалғайтын жаңа теміржол құрылысы аяқталуға жақын
Фото: © istockphoto.com
Қазақстанды Қытай Халық Республикасымен үшінші теміржол шекара өткелі арқылы байланыстыратын «Бақты – Аягөз» жаңа теміржол желісінің құрылысы жартысынан астам бөлігіне дайын болды,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мекеменің мәліметінше, қазіргі уақытта нысанда 20 миллион текше метрден астам жер жұмыстары орындалып үлгерді. Бұл — жоспарланған жалпы құрылыс көлемінің 52 пайызын құрайды.
Құрылыс барысындағы негізгі топырақ төсемін қалыптастыру жұмыстарын биылғы жылдың қазан айында толық аяқтау жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта ауқымды инфрақұрылымдық нысанда қарқынды жұмыс жүруде.1 379 білікті маман еңбек етіп жатыр. Сондай-ақ 884 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
«Жаңа теміржол желісі Өзбекстан Республикасымен қосымша халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол қазіргі уақытта шамадан тыс жүк тиелген «Сарыағаш – Ташкент» учаскесіндегі жүк ағындарын қайта бөлуге, желінің өткізу қабілетін арттыруға және Орталық Азия елдері бағытындағы транзиттік тасымалдарды кеңейтуге жол ашады», — деп мәлімдеді Көлік министрлігінен.
Жоба толық іске қосылғаннан кейін аталған көлік дәлізінің өткізу қабілеті жылына 25 миллион тонна жүкке дейін өседі деп жоспарлануда. Бұл еліміздің халықаралық жүк тасымалы көлемін айтарлықтай арттыруға септігін тигізбек.



19 шілде 2026 ж. 116 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031