Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыс қарқыны күшейіп, жаңа нысандар бой көтеруде

Құрылыс қарқыны күшейіп, жаңа нысандар бой көтеруде

Ағымдағы жылы Қазалы ауданында құрылыс саласы ерекше қарқын алып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылым және әлеуметтік нысандардың саны артып, сапалы жаңартулар жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет баяндады.
- Биылғы 6 айдың ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 5,6 млрд теңгеден асты. Бұл - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өсім бар екенін көрсетеді. Тұрғын үй құрылысы бойынша 22 мың шаршы метрден астам үй пайдалануға берілді. Өткен жылы 2 пәтерлі 74 тұрғын үй салынып, 148 отбасы баспаналы болса, биыл тағы 50 тұрғын үйдің құрылысы басталып, жыл соңына дейін 100 отбасыға жаңа пәтер табыстаймыз. Жыл басында прокуратураның жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Бірнеше жылдан бері тоқтап тұрған «Қарлан» учаскесіндегі Сырдария өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы қайта басталды. Қазіргі таңда көпір құрылысы қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, Әйтеке би кентіндегі 120 жылдық тарихы бар теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Вокзал жанындағы теміржол өткелі де қайта салынып, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Әйтеке би кентінде, Бекарыстан би және Қожабақы ауылдарында 3 спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, аудан орталығы мен ауылдарда демеушілік есебінен спорт және ойын алаңдары салынып жатыр. Бұл нысандар халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді, - деді Мейрамбек Зинабдинұлы.
27 шілде 2025 ж. 144 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031