Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда тағы да аптап, ал Астанада жаңбыр жауады

Алматыда тағы да аптап, ал Астанада жаңбыр жауады

Алматыда тағы да аптап, ал Астанада жаңбыр жауадыФото: depositphotos.com
"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнде – 18, 19 және 20 шілдеде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

18 шілдеде күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +34...+36 градус қатты ыстық болады.
19 шілде күн бұлтты болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, күндіз екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +33...+35 градус қатты ыстық болады.
20 шілдеде күн бұлтты болады, кей уақыттарда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +28...+30 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

18-20 шілде аралығында күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +24...+26 градус, күндіз +40...+42 градус өте қатты ыстық болады.

Қазақстанда нөсер жауады, бірақ +48 градусқа дейінгі аптап қайтпайды

Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері 18, 19 және 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Қазақстанның кейбір аймақтарында нөсер жаңбыр жауса, енді бір өңірлерінде +48 градусқа дейінгі аптап сақталады. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

17 шілде 2026 ж. 166 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31