Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 44 градус ыстық және жаңбыр: 16 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

44 градус ыстық және жаңбыр: 16 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com
"Қазгидромет" бейсенбі, 16 шілдеге арналған қалалар бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің оңтүстігінде +44 градусқа дейін ыстық сақталады, ал солтүстік, батыс және шығыс өңірлерде кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ пен екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қалалар бойынша ауа райы

Астана - көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, күн күркіреп, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде 5-10, күндіз 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін ыстық болады.
Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 36-38 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 41-43 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 26-28 градус жылы, күндіз 42-44 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 40-42 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 37-39 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Қызылорда - аз бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 26-28 градус жылы, күндіз 42-44 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 39-41 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Ақтау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.
Атырау - көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, түнде 2-7, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 23-25 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Орал - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы болады.
Ақтөбе - бұлттылық аз, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 5-10, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 29-31 градусқа дейін ыстық болады.
Қарағанды - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін ыстық болады.
Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 25-27 градус жылы, күндіз 36-38 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Қостанай - көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 26-28 градус болады.
Көкшетау - көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы болады.
Петропавл - бұлтты, жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан түнде секундына 9-14 метр, күндіз 15-20, екпіні 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы болады.
Павлодар - көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 32-34 градусқа дейін ыстық болады.
Семей - көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстіктен соғып, солтүстік-батысқа ауысады, 5-10, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 36-38 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Өскемен - көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, 5-10, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 36-38 градусқа дейін қатты ыстық болады.

16 шілде 2026 ж. 50 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031