Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде криптовалютадан түскен табысқа салық жеңілдігі енгізілуі мүмкін

Елімізде криптовалютадан түскен табысқа салық жеңілдігі енгізілуі мүмкін

Цифрлық активтер нарығын заңдастыру және оның ашықтығын арттыру мақсатында жаңа салықтық жеңілдіктер қарастырылуда.  
Фото: Depositphotos.com
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, азаматтарды цифрлық активтермен заңды түрде операция жасауға ынталандыру көзделіп отыр. Тиісті ұсыныстар жаңа Салық кодексінің жобасына енгізілген кезекті түзетулер пакетінде қамтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұсыныс қабылданған жағдайда Қазақстанда тіркелген цифрлық активтер қызметін көрсетуші провайдерлер арқылы мәміле жасаған жеке тұлғалар осы операциялардан алған табысы үшін жеке табыс салығын төлеуден босатылуы мүмкін.
"Жеке тұлғаларды цифрлық активтердің заңды айналымына тарту үшін жеңілдетілген салық шарттарын енгізу ұсынылып отыр. Қазақстандық цифрлық активтер провайдерлері арқылы жасалған операциялардан алынған табысты жеке табыс салығынан босату қарастырылған", – деп хабарлады министрлік.
Жоспар бойынша бұл жеңілдік 2026 жылғы 1 қаңтардан 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Бастаманың негізгі мақсаты – криптовалюта мен өзге де цифрлық активтерге қатысты операцияларды көлеңкелі айналымнан шығарып, азаматтарды Қазақстан аумағында заңды жұмыс істейтін платформаларды пайдалануға ынталандыру.
Аталған ұсыныс жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 21-отырысының қорытындысы бойынша әзірленген. Қазіргі уақытта түзетулер талқылау сатысында және заң жобасы қаралғанға дейін бизнес өкілдерімен талқыланады.
14 шілде 2026 ж. 30 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031