Жаңа Салық кодексі бойынша декларацияны кімдер тапсыруға міндетті?

Мемлекеттік кірістер комитеті жаппай декларациялау мәселелері бойынша елдің салық заңнамасындағы өзгерістер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Еске салайық, 2025 жылғы 15 шілдеде Президент Салық кодексі мен ілеспе актілерге өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл өзгерістер жаппай декларациялау аясында салық декларацияларын тапсыру тәртібіне қатысты.
Декларация тапсырудан кімдер босатылады?
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жаппай декларациялаудың алғашқы үш кезеңіне кірмеген халықтың қалған санаттары декларация тапсырудан босатылады:
зейнеткерлер,
студенттер,
үй шаруасындағы әйелдер,
жекеменшік компаниялардың қызметкерлері және басқалар.
Шетелде мүлкі, активтері немесе банк шоттары бар адамдар декларация тапсыруы тиіс. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, егер олар ҚР резиденті болмаса, активтер туралы декларация тапсыруға міндетті емес.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсыруға міндеттілер
Сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар және олардың жұбайлары.
Банктік, сақтандыру және қаржы ұйымдарының ірі қатысушылары болуға үміткерлер және олардың жұбайлары.
Жеке практикамен айналысатындар (нотаристер, адвокаттар, ЖСО, медиаторлар).
ҚР резиденттері, цифрлық активтері барлар.
Шетелде мүлкі бар ҚР резиденттері, оның ішінде:
жылжымайтын мүлік, жер, автокөлік;
- шетелдік компаниялардағы үлестер;
- шетелдік банктердегі шоттар (сома 1000 АЕК-тен жоғары, 2024 жылы – 3 692 000 теңге);
- инвестициялық алтын;
- шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары;
- тұрғын үй құрылысына қатысу;
- шетелдік брокерлердегі шоттар;
- зияткерлік меншік нысандары;
- дебиторлық/кредиторлық берешек (растайтын құжаттар болған жағдайда);
- 1000 АЕК-тен жоғары құны бар басқа да мүлік (бағалау болған жағдайда).
Декларацияда енді нені көрсету керек?
Шетелдік брокерлік шоттардағы қаражат.
Құны 1000 АЕК-тен асатын мүлік (31 желтоқсанға бағаланып, 15 қыркүйекке дейін жасалуы тиіс).
Келісім + салыстыру актісі (жеке кәсіпкерлермен немесе заңды тұлғалармен, оның ішінде резидент еместермен) немесе сот шешімімен расталған қарыздар (дебиторлық/кредиторлық берешек).
Базалық активі Қазақстан Республикасында тіркелген туынды құралдарды қоспағанда, бағалы қағаздар.
Кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыруға міндеттілер
Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары.
Қаржы ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары.
Заңды тұлғалар мен квазимемлекеттік сектордағы 10 пайыздан астам үлес иелері және олардың жұбайлары.
Жеке практикамен айналысатындар (нотариустар және т.б.).
Өзін-өзі салық салуға жататын кірісі барлар (жалдау, шетелдік пайыздық табыс, цифрлық активтер және т.б.).
Шетелдік банктердегі 1000 АЕК-тен асатын шоты барлар.
Шетелдік актив иелері.
Цифрлық актив иелері.
Бір жыл ішінде 20 000 АЕК-тен жоғары сомаға мүлік сатып алғандар (2025 жылы – 78,64 миллион теңге).
Салықтық шегерім туралы өтініш бергендер.
Мүлікті сатып алу және табыс көзі туралы есепті тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы декларация тапсырушылар ғана емес, сонымен қатар: қаржы ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың резидент-жұбайлары, заңды тұлғалардағы >10 пайыз үлесі бар резиденттер және олардың жұбайлары, жыл ішінде 20 000 АЕК-тен жоғары мүлік сатып алған азаматтар да тапсыруы тиіс.
Декларацияны қалай тапсыруға болады
Электронды түрде:
cabinet.salyk.kz арқылы,
egov.kz порталында,
e-Salyq Azamat, eGov mobile, moldir.qoldau.kz, екінші деңгейлі банктердің қосымшаларында.
Қағаз түрінде:
салық органдарында,
ХҚКО-ларда,
тапсырысты хатпен пошта арқылы.
Еске салайық, 2025 жылғы 18 шілдеде Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды.