Сиқырлы білім саяхаты
Ерте, ерте, ертеде, ешкім білмейтін бір ғажайып өлкеде «Алматыкітап» атты үлкен, зәулім Білім Сарайы болыпты. Бұл сарайдың іші толған сиқырлы кітаптар екен. Ондағы әрбір парақ сөйлей алатын, ал суреттері тіріліп, би билейтін.Сарайдың басты мақсаты — жер бетіндегі барлық балаға білім беріп, оларды ақылды әрі мейірімді етіп өсіру еді. Бірақ бұл сарайдың бір үлкен арманы болыпты. Ол өзінің ішіндегі барлық құнды қазынаны, ертегілер мен мектеп оқулықтарын әлемнің ең алыс түкпіріндегі балаларға да жылдам жеткізу екен. Себебі, таудың арғы жағындағы, шөлдің шетіндегі балалар бұл сарайға келе алмай, білімнен кенде қалады екен. Бір күні Алматыкітап сарайының төбесінде ерекше, жап-жарық жұлдыз жағылады. Бұл жұлдыздың аты «Топ Ай Кю» (Top IQ) екен. Ол жай ғана жұлдыз емес, заманауи технологияның ең озық, ең ақылды сиқыршысы болып шығады. Top IQ жұлдызы төменге түсіп, Алматыкітап Сарайына былай дейді:
— Мен сенің арманыңды орындауға келдім. Сенің ішіңдегі мыңдаған жылдық білім мен әдемі ертегілерді мен өзімнің цифрлы қанаттарыма қондырып, әр баланың үйіндегі планшеті мен телефонына жеткізе аламын!
Осылайша, Алматыкітап пен Топ Ай Кю қол ұстасып, үлкен одақ құрады. Сиқыр басталды! Сарайдағы қалың-қалың кітаптар енді электронды, аудио және интерактивті кейіпке енді. Балалар кітапты тек оқып қана қоймай, ішіндегі тапсырмаларды ойнап жүріп шешетін, кейіпкерлермен бірге тілдесетін деңгейге жетті. Енді алыс ауылда тұратын кішкентай Әлихан да, қаладағы Аружан да Top IQ платформасын ашып қалса, ішінен Алматыкітап баспасының ең қызықты ертегілері мен мектеп сабақтары жарқырап шыға келетін болды. Балалардың білімі артып, логикасы (IQ) күн санап өсті. Алматыкітаптың даналығы мен Топ Ай Кюдың заманауи сиқыры біріккенде, білім алу ең қызықты саяхатқа айналды. Содан бері екі дос балалардың болашағын жарық етіп, бірге жасасып келе жатыр екен.
Мансұр Тынық,
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Ы. Алтынсарин атындағы №204 мектептің оқушысы














