Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданында жуық арада екі спорт кешені пайдалануға берілмек

Қазалы ауданында жуық арада екі спорт кешені пайдалануға берілмек

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында салынып жатқан спорт кешендерін көрді. Қазіргі таңда екі нысанның да негізгі құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, кешендерді пайдалануға беруге дайындық жұмыстары жүргізілуде.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың бірі – Әйтеке би кентіндегі Қазалы мәдени-демалыс кешені аумағында бой көтерген спорт кешені. Құны 628 млн теңгені құрайтын нысанның құрылысын «Болашақ» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Ал Қожабақы ауылындағы құны 537,1 млн теңгені құрайтын спорт кешенінің құрылысын «Намыс-Құрылыс» ЖШС жүзеге асыруда.
Қазіргі таңда екі кешеннің құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан аумақтарын абаттандыру, ішкі сыртқы әрлеу мен тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Нысандарды аралау барысында аудан әкімі құрылыс сапасына ерекше назар аударып, барлық жұмыстардың талапқа сай әрі сапалы орындалуы керектігін атап өтті. Мердігер мекемелер мен құрылысқа жауапты сала басшыларына бірқатар кемшіліктерді атап көрсетіп, анықталған кемшіліктерді шұғыл түрде қалпына келтіріп, кешендерді ел игілігіне сапалы әрі мерзімінде беру қажеттігін ескертті.
Айта кетейік, аталған екі спорт кешенінен бөлек, биыл жыл басында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Бекарыстан би ауылында да осындай заманауи спорт кешені пайдалануға беріліп, ауыл тұрғындарының игілігіне табысталған болатын.
02 шілде 2026 ж. 77 0

Қазалылық қылқалам шебері

22 қыркүйек 2026 ж. 22

Өнерлі өрендер бақ сынады

22 қыркүйек 2026 ж. 27

Жоба жемісті жалғасуда

22 қыркүйек 2026 ж. 25

Өркениет өлшемі

22 қыркүйек 2026 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930