Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар төрт күндік жұмыс аптасына көшпек: Еңбек министрі ол үшін не істеу керегін айтты

Қазақстандықтар төрт күндік жұмыс аптасына көшпек: Еңбек министрі ол үшін не істеу керегін айтты

қызмет
Фото: magnific.com

Қазақстанның жекелеген салалары уақыт өте келе төрт күндік жұмыс аптасына көше бастайды. Мұны  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengri TV YouTube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Министрдің айтуынша, төрт күндік жұмыс аптасын енгізу мүмкіндігі заңнамада қарастырылған. Мұндай жұмыс тәртібі ұйым қызметінің ерекшелігі не қарай, жұмыс беруші мен қызметкердің өзара келісімі негізінде белгіленуі мүмкін.
“Егер ұйымның жұмысын тиімді жүргізу үшін төрт күн жеткілікті болса, жұмыс беруші осындай шешім қабылдай алады. Менің ойымша, біз бұған кезең-кезеңімен келеміз. Қалай болғанда да, жекелеген салалар уақыт өте келе төрт күндік жұмыс аптасына өте бастайды”, – деді Асқарбек Ертаев.
Министрдің пікірінше, мұндай жүйеге алғашқылардың бірі болып көшетін ұйымдар басқа жұмыс берушілер мен салаларға үлгі болады. Кейін олардың тәжірибесі зерттеліп, кеңінен енгізіле бастайды.
“Бұл біз үшін әлі де жаңа тәжірибе. Алайда Еңбек кодексі мұндай мүмкіндікті қарастырады. Сонымен қатар қашықтан жұмыс істеу, толық емес жұмыс уақыты, икемді жұмыс кестесі және ауысымдық жұмыс режимі де заңда көзделген”, – деді министр.
Асқарбек Ертаевтың айтуынша, қашықтан жұмыс істеу форматы бүгінде, әсіресе IT саласында кеңінен қолданылады. Ал толық емес жұмыс уақыты қызметкерді  қосалқы бөлімшелерде жарты күнге жұмысқа қабылдау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Сонымен қатар икемді жұмыс кестесі қызметкерлерге жұмысты таңғы сағат 08:00-де емес, мысалы, 09:30-да бастап, жұмыс күнін отбасы жағдайына қарай кейінірек аяқтауға мүмкіндік береді.
“Біз жұмыс берушілердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, қызметкерлердің құқығын да қорғаймыз. Қызметкер отбасылық немесе өзге де жағдайларға байланысты жұмыс берушімен келісіп, толық емес жұмыс күніне немесе икемді жұмыс кестесіне ауыса алады”, – деді министр.
Сонымен қатар министр қазақстандықтарды міндетті түрде төрт күндік жұмыс аптасына көшіру жоспарланып отырған жоқ дейді. Мұндай шешімдер әрбір ұйымның қызмет ерекшелігіне қарай жұмыс беруші мен қызметкердің өзара келісімімен қабылданады.
“Бұл бағыт алдағы уақытта белсенді дамиды деп ойлаймын. Жекелеген салалар бәрібір уақыт өте келе төрт күндік жұмыс аптасына көше бастайды”, – деді Асқарбек Ертаев.
27 маусым 2026 ж. 26 0

Бейнет һәм құрмет

27 маусым 2026 ж. 34

Өмірі-өнеге, мұраты-асыл

27 маусым 2026 ж. 39

Мерей мен мәртебе

27 маусым 2026 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930