Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

«Балалардың терезеден құлау фактісінің басты себебі ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы. Мұндай жағдайлардың алдын-алу мақсатында мамыр айында «Балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында акция өткізілді. Акция аясында 35 жағдайы төмен, көп балалы отбасыларына терезе ашылуын шектететін блокиратор орнатылды. Сонымен қатар Қызылорда қаласы және жақын орналасқан елді мекендерге орнатылған дабылды-дауыс зорайтқыш қондырғысымен күнделікті сағат 11:00 және 19:00-де көпқабатты тұрғын үйлерге жақын орналасқан 10 нысан арқылы «Көп қабатты тұрғын үйлердегі балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында құлақтандыру жұмыстары жүргізілуде», – деді Саид Шазындаұлы.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат