Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Батыс Қазақстанда үш жылда 30-ға жуық бала терезеден құлап кеткен

Батыс Қазақстанда үш жылда 30-ға жуық бала терезеден құлап кеткен

Батыс Қазақстан облысында 2022-2024 жылдары терезеден 26 баланың құлағаны тіркелді.
Фото: Pexels
БҚО ТЖ департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Нұралы Мүсиевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, соның ішінде екеуі 2024 жылы Орал қаласында көз жұмды.
Оның сөзіне қарағанда, 2022 жылы 8, 2023 жылы 7, өткен жылы 11 бала терезеден құлаған. 
Биыл мұндай оқиға тіркелген жоқ.
— Статистика көрсеткеніндей, балалардың құлауының басты себебі — ата-анасының бақылаусыз қалдыруы және жақын маңдағы ересектердің бей-жай қарауы. 26 оқиғаның 20-сы сағат 08.00-ден кешкі 20.00-ге дейінгі аралықта болған. Бұл балалардың жұмыс уақытында ашық терезе мен балконнан құлайтынын байқатады, — деді Н.Мүсиев.
Оның айтуынша, 26 баланың 10-ы 1-3 жас, 15-і 4-7, біреуі 8-12 жас аралығында болған. Мұндай оқиғаның ең көбі Орал қаласының (2022 жылы — 4, 2023 жылы — 7, 2024 жылы — 10) үлесіне тиеді.
— Балалардың құлауының алдын алу мақсатында көпқабатты үйлерде әлеуметтік аз қамтылған отбасылар пәтерлерінде терезе бұғаттағыштарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл жыл басынан бері 194 бұғаттағыш орнатылды, — деді басқарма бастығы.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бір күнде екі баланы көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткенін жазған едік.

21 мамыр 2025 ж. 119 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 48

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 108

Өнерде жоқ шекара

21 мамыр 2025 ж. 28

Барлаушы Сағымов

21 мамыр 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031