Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызықты демалыс кезінде...

Қызықты демалыс кезінде...

Лақалы ауылдық клубында балалардың жазғы демалысын мазмұнды әрі қызықты ұйымдастыру мақсатында өткізілетін «Балдәурен – жаз 2026» жазғы маусымдық шараларының салтанатты ашылу кеші өтті.
Ауыл балаларының басын қосқан мерекелік шараны үйірме жетекшісі Айнұр Әлімбаева жүргізіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.
Шара барысында балалар екі топқа бөлінді. «Күншуақ» тобына клуб әдіскері Гүлжан Жұмаханқызы жетекшілік етсе, «Жұлдыздар» тобының жетекшісі клуб қызметкері Анар Аманова болды.
Топ жетекшілерінің қолдауымен балалар алдымен заманауи әуен ырғағымен «Жазғы флешмоб» биін билеп, сергіп алды. Кейін ептілік пен шапшаңдықты талап ететін «Көңілді старттар» спорттық жарысында бақ сынады. Әсіресе, ерекше қызығушылық тудырған «Көңілді су эстафетасы» ойыны балалардың белсенділігін арттырып, мерекенің сәнін келтірді.
Бағдарламаның ең қызықты кезеңдерінің бірі – клуб бөлмелерінде ұйымдастырылған «Жазғы қазына іздеушілер» квест ойыны болды. Қатысушылар арнайы бағыт картасы бойынша түрлі тапсырмаларды орындады. Бір бөлмеде жұмбақ шешсе, көрермендер залында хормен тақпақ айтып, ойын алаңында спорттық тапсырмаларды сәтті орындады. Екі топ та жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін көрсетті. Квест соңында балалар сахна артына жасырылған «Қазына сандығын» тауып, маусымның сиқырлы кілтіне қол жеткізді.
Сайыс қорытындысы бойынша «Күншуақ» және «Жұлдыздар» топтары тең түсіп, достық жеңіске жетті.
Лақалы ауылдық клубындағы балаларға арналған жазғы қызықты күндер түрлі шаралармен жалғасын табуда. Алда жас жеткіншектерді танымдық, шығармашылық және спорттық бағыттағы көптеген тартымды шаралар күтуде.
Айнұр Мейрамбайқызы балақайларды алдағы үйірме жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды.
Гүлжан САУҚЫМОВА
23 маусым 2026 ж. 38 0

Серт пен міндет биігінде

23 маусым 2026 ж. 41

Еңбекпен өрілген жол

23 маусым 2026 ж. 52

Гүл жайнаған балғындар

23 маусым 2026 ж. 41

Ұлттың алтын діңгегі

23 маусым 2026 ж. 37

Елге қызмет-ерге міндет

23 маусым 2026 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930